Іле бойында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Іле бойында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Су бетінде күміс сәуле сырғанап,
Ай жанары маңдайынан бір қарап,
Бара жатыр сылқ-сылқ күліп қыз толқып,
Көкшіл шәйі орамалын бұлғалап.
От ұшқындар ару-сынды нұр көркің,
Шөп-шөп сүйсе, шымылдықты үркер түн.
Бара жатыр бір-біріне ұстатпай,
Көміп, басып бір толқынды бір толқын.
Сырт қарасаң, сыр бермейді тыныштық,
Сүйсінер тек от сәулелер күміс түк.
Көз алдымнан көлбең қағып ойнаған,
Жағаңда өткен күндер қандай тым ыстық.
Сол күндермен көңіл қайтіп суыспақ,
Сұлулықтан қайтқан көңіл ту ұстап.
От сәулелер он саусақты бір сәби,
Су толқынын еміп жатқан уыстап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іле бойында өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Іле бойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іле бойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іле бойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері