Үш қасиет – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үш қасиет» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1002
Өзімді іздеп... өз ішімді кезермін,
Кедейлік пе?
бәріне де төзермін.
“Адаммын” деп айта алмас ем жүректен,
Үш қасиет таппай қалса өз орнын.
Сиқыр сырын, сыртынан-ақ сезем мен,
Аққан көше, аумайды өмір өзеннен.
Кең далама қашып кетіп барамын,
Қайырымсыз “тас қаладан” безерген...
Көк аспаным! көкірегіме нұр себер,
Күш бар онда “тәңірімдей” бір сенер.
Жанарыма толқыр едім жас толып,
Табанымда туған жерім тұрса, егер.
Сезім деген, ақ сәуле ғой бір нәзік,
Ғұмыр сыйлап, болар таңғы гүлге азық.
Ана тілмен, бала күнде сөйлеген,
Көзімді аштым, дүниеге, жыр жазып.
Ұшқыр қиял қанаттарын қомдаса,
Дүние-даңқың қызықтырмас ол да, аса.
“Бақыттымын” дей алмас ем, ешкімге –
Басымда егер “еркіндігім” болмаса.
Ұл жолда...
жолықты қу, түрлі адам,
Бақытымды, уақытымды ұрлаған.
Тілім жерім, еркіндігім қасиетті –
Үш қасиет, өмір сыйлап жүр маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш қасиет өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үш қасиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш қасиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш қасиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері