Ақша туралы аңыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақша туралы аңыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1019
Күндізде де,
Түнде де,
Ақшамда да
Алла ақшаға,
Айналды ақша Аллаға.
Алла аузыма түседі, алда-жалда,
Тамағыма талғажау тапсам ғана.
Түнемелде жалғасып түс пен өңім,
Құдай жақтан ғажайып Құс көремін.
Қанатына сол құстың мініп алып
Тістенемін,
Өзіме күш беремін!
Қанатына сол құстың жармасамын,
Айды аймалап,
Жұлдызбен жандасамын.
Самұрықпен аспанда самғап жүріп,
Айдаһармен алпауыт арбасамын.
Қанатында сол құстың қалықтаймын,
Жаһан жүзін шарлаудан жалықпаймын:
Жерде жүрген апайтөс алыптаймын!
Суда жүзген нақ нəһан балықтаймын!
Қанатына сол құстың жабысамын,
Қалмаймын да талмаймын, тағы ұшамын!
Періштемен қанатты қағысамын,
Алла аулында Алламен табысамын.
Аллам ғана тыңдайды зар-мұңымды,
Аллам ғана билейді бар ғұмырды!
Жаратқанға жете алмай жүрген шығар
Мен сияқты талайлар жарлы, мұңды...
Алла аулына мен жеттім! –
Жаратқанға!
Қажымайтын, талмайтын қанат барда.
Сарайыңды таста да, ей, сабазым,
Самұрыққа сен де мін, қарап қалма!
Қолым жетті Аллаға,
Ақшаға да,
Ішің күйсе, тұз жала, Бəтша-бала!
...Айналамда ұшып жүр періштелер,
Айналамда ұшып жүр ақ шағала...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша туралы аңыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақша туралы аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша туралы аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша туралы аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері