Жас жұбайларға тілек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жас жұбайларға тілек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 1
  • 5061
Екеуiңе айтайыншы бiр ақыл:
Мəңгi болсын махаббатың – мұратың.
Екеуiңе айтайыншы бiр тiлек:
Ашулансаң, ақ жауындай бүркiп өт.
Екеуiңе айтайын бiр өтiнiш:
Бiр-бiрiңе бiлдiрмеңдер өкiнiш.
Екеуiңе айтатын бiр базынам:
Жиылмасын дастарқаның – қазынаң.
Екеуiңе айтайыншы бiр əзiл:
Бiрiң – патша, бiреуiң бол – уəзiр.
Екеуiңе бiлдiретiн бiр назым:
Ұл көрiңдер, қыз көрiңдер жылма-жыл!


Пікірлер (1)

Әлия

Керемет айтылған

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас жұбайларға тілек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жас жұбайларға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас жұбайларға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас жұбайларға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері