Тəттi мұңның – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тəттi мұңның» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Тəттi мұңның,
Ақ түнiңнiң айғағы
Дөңгеленiп Ай туғанша қайда əлi...
Көк жүзiнде көзiн ашып сан жұлдыз,
Дiлбар кештiң дiрiлдеп тұр қаймағы.
Əлдеқайдан талып жеттi Шəмшi əнi...
Таң атқанша, құдайым-ау, қанша əлi?!
Кiрпiгiңнен түстi неге үзiлiп
Үкi көздi үр қызының моншағы?
Əлдеқайдан əлдебiреу тəттi əн сап,
Əзiз бiр жан əлдекiмдi жатты аңсап...
Ащы-тұщы тағдырым ба, кiм бiлсiн,
Кiрпiгiңнен тамып түскен ақ моншақ...
Мың бiр жұлдыз,
Тұнжыр түнде тым үнсiз
Жүрдек соққан жүрек қана тынымсыз.
«Өз өмiрiм өзiме, аға, ұғымсыз..,
Маған бекер жолықтыңыз бүгiн Сiз...»
Көзден ұшып Айдың өңi ақторғын,
Көк жұлдызын көлегейлеп жапқан кiм?
Ес жия алмай есеңгiреп мен қалдым,
Түн қойнына жұтылдың да жоқ болдың...
Қап-қара түн!
Түпсiз түнек,
Қара үңгiр,
Тiл қатсаңшы, тiгiсiңнен жарылғыр!
Қарағым-ау, қай жақта ұшып жаның жүр? –
Хал-хабарың Хаққа ғана мəлiм-дүр!..
Өмiр қысқа,
Тағдыр – нұсқа,
Жол бұраң...
Ұшқан құсты қашан қолға қондырам?
Əлi күнге сыздатады жүректi,
Əлдеқайдан талып жеткен сол бiр əн...
Шəмшi əнi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тəттi мұңның өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тəттi мұңның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тəттi мұңның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тəттi мұңның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері