Мен бір оңып тұрғандай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен бір оңып тұрғандай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 856
Көктің көзі нұрланбай,
Суық қарап сұрланды Ай.
Мелшиеді дүние,
Мен бір оңып тұрғандай.
Кім түсінер мəн-жайды?
Кім алдымды болжайды?
Қарекетім қамығып,
Берекетім қол жайды.
Жазылмастан жан қайғы,
Санамда ой сарғайды.
Тəнім жасыл жамылып,
Жаным бүршік жармайды.
Жұрттан таппай жұратын,
Мұңға теліп мұратын –
Тоғыз жолдың тұсында
Томсырайып тұр Ақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бір оңып тұрғандай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен бір оңып тұрғандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бір оңып тұрғандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бір оңып тұрғандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері