Қаланың түні – қара орман – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қаланың түні – қара орман» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Қаланың түні – қара орман,
Қаланың түні қоп-қою.
Қап-қара түнге қабарған
Өрт қою керек, өрт қою!
Өртенсін, жансын қара түн,
Жарыққа жарып бар маңай. –
Қапыда жарғақ қанатын
Қаға алмай қалған қарғадай.
Жалынның тілі жаланған
Шарпысын жанды, жараны.
Қасіреттен шашы ағарған
Қаралы сұлу – қаланы
Біз емес, бəлкім, хақ таныр,
Тіршілік тыным тапқанда.
Аспаннан саулап аппақ нұр
Жарасын жалап жатқанда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаланың түні – қара орман өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қаланың түні – қара орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаланың түні – қара орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаланың түні – қара орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері