Ұлы халық

Бұл бетте «Ұлы халық» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Ұлы дейміз Біреуді,
Ұлылығы Зор ма екен?
Ұжұмаққа апарар
Ұлы Жібек жол ма екен?!
Айнымасқа ант берген
Анталаған қол ма екен?
Дәстүрімді дәріптеп,
Салтымызды сақтаған
Қай данышпан болды екен?!
Ағыны күшті дария
Ағыл-тегіл төгіліп,
Толқыны жарға соғылып,
Қашан тасып толды екен?!
Үскірікте үсітпей
Үске жапқан ішіктей,
Қаңтардағы аяздан
Қаймыққанда қымтанған
Қамқа жаға тон ба екен?
Басқанікі теріс те,
Оныкі тек оң ба екен?!
«Өлмегенің өремқап,
Алдыменен өзімді
Жарылқайық!» – дегені,
Жарандар-ау, жөн бе екен?
Қыран бүркіт тепкіні
Қаршығамен тең бе екен?
Бұл жалғаннан жай таппай,
Ұлылығын байқатпай,
Жылылығын сездірмей,
Туа біткен алыпты,
Мына біздей халықты
Жүрсе-дағы көзге ілмей,
Ұлы дейміз Біреуді...
(Пікір бар-ау не түрлі),
Жалғыз Құдай секілді
Жалғыз Ұлы сол ма екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы халық өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұлы халық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы халық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы халық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері