Ескі елес – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Ескі елес» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1748
Мен деген — үнсіз ғаламмын,
Қоштасқам дүрмектеріммен.
О, не деп тұрсыз маған, Мұң,
Не істеуге міндетті едім мен?

Тоқтадым ескі өлеңіме,
Білмеймін, қанша аялдаймын?!
Сүймеймін ештеңені де,
Әрнені аңсай алмаймын.

Мен деген — көктем емеспін,
Сөйлейтін асқақ үнменен.
Мен — зулап өткен елеспін,
Елеспін басқа мүлде мен.

Жүрмеймін күліп құрбыммен,
Мен — егде құрметті елеспін.
Күюді ұмыттым мүлдем,
Сүюге міндетті емеспін.

Жоғалды сәруар елес,
Күз келді.
Келеді мұз-қар.
Ол менің шаруам емес,
О, менде нелеріңіз бар?.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері