Отаным – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Отаным» атты Ерлан Ахмет жазған отан туралы өлең берілген.

Күн нұрын ала самғайтын
қыраның болам, Отаным.
Жеріңді жәннат қорғайтын
ұланың болам, Отаным!

Төріне бірлік, елімнің
сыйласын Уақыт, жыр-әнін.
Арта бер жүгін сенімнің,
Арқалап өтем, Отаным!

Заулаған ару-даламның
пырағы болам, Отаным!
Мәңгілік сөнбес бабамның
шырағы болам, Отаным!

Теңдіктің ашып арнасын,
баянды күнге бастадың.
Шаттықтың әні шарласын,
Тәуелсіз елім аспаның.

Төріне бірлік, елімнің
сыйласын уақыт, жыр-әнін.
Арта бер жүгін сенімнің,
Тәуелсіз елім,
Тәуелсіз жерім,
Тәуелсіз менің Отаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері