Бұл бетте «2-хат» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Смс-ке сыймаған шумақтар)
Сен жүрген жолдың бәрі,
Сезімге тәуелді ме?
Тіл қатшы, Мұңның Жары –
Сезбеппін әуелгіде.
Көзіңнен сыр аңдығам,
Көзіңде түнеп қалып,
Сөзімде жыр қалғыған,
(Шегіндім, тілеп барып).
(Назымның назы ерек,
Шайырдың өртер ішін.
Бір ақын жазып әлек,
Жазылмас ертегісін).
Қасымнан табыл, еркем,
Сендікпін, сенемісің?
Мен саған барам ертең,
Сен маған келемісің?
(Өтінем, келе салшы,
Мен емес, өлең үшін).
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі