4-хат – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «4-хат» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Жақындау қиын саған,
Құсадан өлер ішім.
Өзіме тиым салам,
Сен соған сенемісің?

Шағылмас тауым анық,
Келмейді күйіп кеткім.
Жанардың жауын алып,
Жүрекке сыйып кеттің.

Байланып тіл де мына,
Қарысты қарыс жағым.
Арта алмай гүлге кінә,
Өзімнен алыстадым.

Сұрықсыз Түн Түріне,
Рең берші, баршы күліп.
Әрбір тал кірпігіңе,
Байлансын бар сұлулық.

Сүйрелеп түзге уақыт,
Жолымды қиюда ма?
Бұйырған бізге бақыт,
Сыртыңнан сүю ғана.

Төзіммен шыдай көніп,
Сезімді сыйлай білдім.
Өзгені былай қойып,
Өзіме қимай жүрмін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері