Түрмеге ұя салған қарлығаш
Бұл бетте «Түрмеге ұя салған қарлығаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа
Қия салғаны несi?
Әлде байғұс қарлығаш
Түрмедегiлердей
Шерлi ме екен?
Жоқ әлде оларға
Азаттықтың қадiрiн
Ұқтырғысы келдi ме екен?
Тiкенектi сымдардың арасынан
Жалт етiп
Ұшып кiрiп,
Жалт етiп
Ұшып кетедi.
(Сол кезде
Мына сұп-сұр
Суық дүние
Алабұртып ысып кетедi).
Сонда да, құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа қия салғаны несi?
Әлде
Байғұс қарлығаш
Мына өмiрден безiнiп
Қапа болды ма екен?
Жоқ әлде
Түрме сыртындағы
Азат тiршiлiк
Түрмеден де
Қатал болды ма екен?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі