Өзіңді іздеп барам!
Бұл бетте «Өзіңді іздеп барам!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлқынған бұлақтардан,
Сыңсыған жел үнінен,
Арманнан жылап қалған,
Жастықтың желігінен,
Будақ бұлт жанарынан,
Шырақ күн жүрегінен,
Сәттерден сан арыған,
Сәттерден түн еріген,
Уақыттан жылжып аққан,
Бақыттан баяу жүрген,
Кездерден түн жылатқан,
Минуттан аяу білген,
Айналған жер шарынан,
Лайланған күдіктерден,
Өткен шақ шер-зарынан,
Үкілі үміттерден,
Ең ұлы біз деулерден,
Сезімді күз деп қалам.
Өзім боп түздегі өлең,
Өзіңді іздеп барам.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі