Менің кемем
Бұл бетте «Менің кемем» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.09.2024
- 0
- 0
- 1383
Кеме жасап, әуре болдым бірер күн,
Сосын оны өзенге әкеп жібердім.
Құстардың мен білемін не жейтінін,
Олар үшін салдым дәннің кей түрін.
Құрт та салдым балықтарға арнап мен,
Басқа сыйым бір-ақ сыймай қалды, әттең!
Аттандырдым жүк тиелген кемемді,
Балық, құсты қуантуға ол жөнелді.
Басқарар ем капитан боп төзімді,
Кемем бірақ көтермейді өзімді..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі