Бұл бетте «Дене шынықтыру» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.09.2024
- 0
- 0
- 1466
«Кел, балалар, оқылық!» —
Қайталанар бүгін мың.
...Кереуетте отырып,
Иілдім де, бүгілдім.
Әдетімше өзімнің
Кілтін таптым құлпымның:
Керілмедім, созылдым,
Сергідім де, сілкіндім.
Жалқаулыққа жекірдім,
Мен сөзіме берікпін:
Қимылдадым, секірдім,
Тынысымды кеңіттім.
О, жарадым, жарадым,
Шынықтырдым денемді.
Мектебіме барамын,
Сергек болып мен енді.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі