Таң сәрі – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Таң сәрі» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алтынға боянып,
Келіп тұр таң сәрі.
Қанша рет оянып,
Қалғимыз қанша әлі?!
Сәулемен суарып,
Келіп тұр таң сәрі.
Қанша рет қуанып,
Жылаймыз қанша әлі?!
(Түн-ана шаршады,
Ай да жоқ көктегі.)
...Үйге кір, таң сәрі,
Әйнектен өт бері!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері