Далам менің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Гаухар, маржан, асылдардан жаралған
көңілінен көктем нұры таралған.
Ақ пейілдің раушан гүлі бүр атқан,
қазағымның үнін есті даламнан.
Дабыл қағып өткен ғасыр заманнан,
қыран көзі келешекке қадалған.
Тайбурылдар шауып өткен дүбірлі,
қазағымның самалы есті даламнан.

Қарайтұғын таңдана,
ұлан-ғайыр кең дала.
Қарлығаштар аңсаған,
атамекен сен, дала!

Жайма шуақ жаз күніндей көсілген
жайлауыңның айналайын кешінен.
Ғашық жандар бақыт тауып жүретін
толқын асу,
бұйра белді төсіңнен.
Ерлерінің еркелігін кешірген,
дәмін татқан Жібек жолы көшінен.
Шалғай жүрсе сағыныштан ұл-қызың,
далам, сені шығармайтын есінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далам менің өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Далам менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Далам менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далам менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері