Мен бақытты баламын – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Мен бақытты баламын» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған бақыт туралы өлең берілген.

Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Күнде думан саламын.
Қызықтарға тоймаймын,
Асыр салып ойнаймын.

Мен бақытты баламын,
Шамшырақ боп жанамын.
Кең даланың гүлімін,
Бейбітшілік үнімін.

Мен бақытты баламын,
Қолымда жыр қаламым.
Жүрек сөзін жолдаймын,
Тебіреніп толғаймын.

Мен бақытты баламын,
Таудай биік талабым.
Өткелдерден өтемін,
Жеңістерге жетемін.

Мен бақытты баламын,
Өнер-білім аламын.
Баба салтын сақтаймын,
Ел үмітін ақтаймын.


Пікірлер (2)

Кәусар

Өте қызық екен маған ұнады

Уммугулсим

Кушти

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар