Ислам ғана – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ислам ғана» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Көз алдыңнан көрінсе де қаңдай шың,
Оған жетпей, жүрісіңнен танбайсың.
Егер АЛЛАҺ сәтін мүлде салмаса,
Өзіңді-өзің алып шыға алмайсың.
Сауыт киген күн көрмеген күс денең,
Жортуылмен болсаң да аттан түспеген.
Жер бетіне орнатуға шараң жоқ,
Туыстықты, тыныштықты күшпенен.
Шындап жиып жылдар күткен, ай күткен,
Дәулетіңнің дәрмені жоқ, шайлықты ел.
Бейбіт өмір бере алмайсың пендеге,
Шет-шегі жоқ, ертеңі жоқ байлықпен.
Жер шарының құшағында тудық тең,
Алуан арман бар кезінде – қудық – дем.
Бере алмайсың барша жұртқа береке,
Басқа кімнен, асқаныңмен қулықпен.
Құдыретпен ғажап ғаршы қаланды,
Аллаһ десең жарық болар қараңғы.
Имандылық шұғыласына ұмтылсаң,
Ислам ғана құтқарады ғаламды...
Көргің келсе қой үстінен жұмыртқа,
Нәпсі – шайтан арбауына құнықпа.
Жүрегіңнің дарбазасын айқара аш,
Ібілісті зынданға тық, құлыпта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ислам ғана өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ислам ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ислам ғана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ислам ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері