Жеті ата – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Жеті ата» атты Серікбай Оспанов жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6908
– Баласының баласы –
Көздерінің қарасы,
Атасына немене?
Әжесіне немене?
– НЕМЕРЕ!

– Немеренің баласы –
Көңілінің санасы,
Атасына немене?
Әжесіне немене?
– ШӨБЕРЕ!

– Шөберенің баласы –
Көйлегінің жаңасы,
Атасына кім десек?
Әжесіне кім десек?
– ШӨПШЕК!

– Ал, шөпшектің баласы, –
Саусағының саласы,
Атасына немене?
Әжесіне немене?
– НЕМЕНЕ!

– Немененің баласы –
Алты ауылдың арасы,
Атасына қай бала?
Әжесіне қай бала?
– ҚАЙМАНА!

Жетеуі де ірі,
Жеті атаның – бірі.
Болмау үшін жаманат,
Болмақ үшін саламат
Жеті отаудың Тіреуі:
– Біреуіне – біреуі
Үйленуге болмайды! –
Деп аманат жолдайды...

Қаймананың баласы –
Бересі де, аласы,
Жаңа әулеттің ескісі,
Ескі әулеттің жаңасы.

Атасына туа – жат,
Әжесіне туа – жат.
Оның аты – ТУАЖАТ!
ТУМА-ТУЫС

Ауыр болар наласы,
Қыздарының баласы,
Атасына бір сүйем,
Әжесіне бір сүйем
Тартып туған –
ЖИЕН!

Ал жиеннің баласы,
Жоқ ішінде аласы,
Атасына тұлғасы,
Әжесіне сұлбасы
Тартып туар сәл –
ЖИЕНШАР!

Ал қыздардың баласы,
Қандай тату, қарашы!
Түскі дәмді,
Кешкі дәмді,
Таңғы дәмді,
Соңғы нанды
«Өле жемей, бөле жейді!»
Сондықтан да
«БӨЛЕ!» дейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеті ата өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Жеті ата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеті ата өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеті ата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері