Жомарттық – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Жомарттық» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жерге жарық шашатын
Ол ұқсайды Күнге де.
Көңіл кірін ашатын
Ол ұқсайды гүлге де.
Жомарттықтың белгісі –
Шаттық сыйлау кімге де!
Ол – адамның қайырымы,
Ол – көңілдің байлығы.
***
Не іздесең де табатын,
Ұшыра да алатын,
Қондыра да алатын
Талап – талмас қанатың!
***
Бүгіннің жас ұланы
Білу керек мынаны –
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

***
Болған!
Болады əрқашан,
Адалдық қой –адамдық!
Жақсы іс жасай алмасаң,
Қаш жасаудан жамандық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жомарттық өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Жомарттық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жомарттық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жомарттық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері