Екінші желдірме

Бұл бетте «Екінші желдірме» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3960
Жұмыскер еңбегіне сенетұғын,
Болса да нендей қиын жеңетұғын,
Айнымас алып күштің арқасында,
Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.

Шегі жоқ Қазақстан табысының,
Екпіні жер жарғандай дабысының,
Салдырған құла шөлге Түрксибті,
Жетуге жолы жақын алысының.

Тап ортам Қарағанды кен қайнаған,
Таусылмас қара алтыным жер бойлаған.
Өрбіген қалың байлық Қарағанды,
Болад деп бұрын мұндай кім ойлаған?

Өсірген шаруамызды колхоз, совхоз,
Еңбекпен ұйымдасқан неше мың жүз.
Комбайн, тракторды ат қып мініп,
Тетігін техниканың меңгердік біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші желдірме өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Екінші желдірме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші желдірме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екінші желдірме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері