Қарталы – Иса Байзақов

Бұл бетте «Қарталы» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2282
Арқаның асқарында асау белде,
Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,
Сағымын сардаланың жатыр қиып,
Оранған әсем арқа үл мен бүлде.
Қақ жарып қара тасты қардай тіліп,
Төбені төңкереді ылди қылып,
Боратып экскаватор тасты жүндей,
Жөнелді асқар белдің жонын жонып.
Қадамы қарық болған қарт Қарталы,
Ұлы орда Ұлытаудың биік жалы,
Нұраға Есілменен нұрын төгіп,
Қаратқан көкке өрлеткен Отан таңы.
Күлсем күн, тербесем нұр қойынымда,
Арқаның жүрегі мен биік шыңда,
Ендеше еркіндеген ер ұландар,
Еліңнің міндеттеген ісін шыңда.

28 апрель, 1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарталы өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Қарталы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарталы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарталы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері