Сары желдің сарсылды сағынышы – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сары желдің сарсылды сағынышы» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Сары желдің сарсылды сағынышы,
Ақпа суға толғанда ағын іші.
Шартараптан шаттығын таба алмады
Шарықтаған даланың тағы құсы.
Көк пен жердің белгісіз байланысы,
Ақша бұлтта шешілген байлам ұшы.
Кеңістігің керіліп жата алмайды,
Мазалайды өкпек күн айналысы.
Қызық нәрсе болады бүгін деумен,
Күн шуағы тұрады күлімдеумен.
Соғысынан жүрегім жаңылады,
Көтере алмай жүк артқан жылын кеудем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері