Өлең, жыр, ақындар

Жезқазған жырлары

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Сен Жезқазғансың,
Мен сөз қазғанмын.
Өтіп жатыр өзіңмен бірге менің
Өз көктемім,
Өз күзім,
Өз жаздарым.
Рас, рас, байқамай байлығыңды,
Талай ғасыр мен сенен көз жазғанмын.
Мен жыр кенімін,
Сен мыс кенісің.
Мынау ұлы ғасырда үстем ісің.
Сен төрт есе вахтада тұрсың бүгін
Қаражал,
Жәйрем,
Тіпті, Успен үшін.
Мен сөз кенімін,
Сен жез кенісің.
Құтты болсын жаңалық, өзгерісің.
Геологтар киелі тамыршыдай
Жер байлығын тап басып сезгені шын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезқазған жырлары өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жезқазған жырлары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жезқазған жырлары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезқазған жырлары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері