Аға атандым мен-дағы – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Аға атандым мен-дағы» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 965
Қалай тағам бекер мiн,
Жұрт:
“Жiгiт боп есейдiң,
Бауы берiк болсын,– дер, –
Кесте тiгер бөпеңнiң!..”
Есейдiм бе табанда,
Мың сан ой жүр санамда.
“Аға болдың!”– дейдi жұрт,
Маңыз берiп маған да…
Жайнадым да жайландым,
Бақыт құшқан жандаймын.
Менi де
Аға дегiзген,
Ақ бөпемнен айналдым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері