Бұл кім? – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Бұл кім?» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1114
Көрген жанды таң қалдырар,
Үш келiдей –
Салмағы бар…
Бойы –
Үш қарыс,
Шашы –
Селдiр,
Бұл кiм болды,
Ал табыңдар?..
Бойы,
Ойы – өсер кейiн,
Өзi –
Тəттi шекердейiн…
– Бұл кiм болды?
– Бұл –
Əмина,
Құйттай ғана бөпем менiң!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері