Итжейде – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Итжейде» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 967
“Қой, бөпешiм, бұлқынба,”–
Көндiрдi əжем ырқына.
Əйбəт жейде кигiздi,
Тiгiсi тек сыртында.
Ғұмыр тiлеп,
Жол тiлеп,
Айтуда жұрт оң тiлек:
“Жасың ұзақ болсын!..”– деп,
“Итжейдең тез тозсын!..”– деп…
Iстi көрiп бүгiнгi,
Қабағым сəл түйiлдi:
Итжейде деп нелiктен,
Атады екен киiмдi?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері