Бұл бетте «Шілдехана. Бесік той» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
“Құтты болсын!..” айтылып,
Мəз-мəйрам боп жатты жұрт.
Жауып жатыр шашу боп,
Өрiк-мейiз, тəттi, құрт…
“Үзiлмесiн той!..” – десiп,
Сөйлеуде жұрт ой көсiп.
“Қызыр дарып,
Құйттайға,
Өссiн,– дейдi, – бойжетiп!..”
Шiлдехана –
Бұл да өзi
Ел салты екен iргелi.
Қызылшақа
Бөпемнiң
Шiлдесi қайтты, кiрдi өңi…
Шаттық тынбай алғашқы,
Əн, күй кезек алмасты.
Шiлдехана соңы ендi,
“Бесiк тойға” жалғасты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі