Жатайын – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жатайын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 964
Былай жүрсем —
Қаптаған
Алдау мен арбау.
Олай жүрсем —
Ұсақ-түйек,
Жұрнақ пен жалғау.
Былай жүрсем —
Апан мен шұңқыр.
Олай жүрсем —
Зар менен сүңқыл.
Қой болмас!
Суға батқандай
Өзіме өзім батайын —
Етімді құжынаған
Құрт біткен талап,
Сүйегімді көкпеңбек
Мүк басқанша жатайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері