Қара балық (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара балық (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Бір балық, су ішінде, қара балық,
Келемін дүние танып сабақ алып.
Азырақ алдыңызда ән салайын,
Қалмасам былтырғымнан биыл танып.

Қайырмасы:
Би әй-әй-әй, әй-әй, и-и-ау!
А-әй, а-әй, а-әй-а-әй-и
Әй-әй-әй-әй-әй, и-и-ау!

Дүние байқап тұрсаң бір ағын су,
Тыңдасаң құлақ салып, шын у да шу.
Қайыспай қарсы шығып қиындыққа,
Қажымай қайрат жұмсап қайғыңды жу.

Қайырмасы:
Би әй-әй-әй, әй-әй, и-и-ау!
А-әй, а-әй, а-әй-а-әй-и
Әй-әй-әй-әй-әй, и-и-ау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері