Өлең, жыр, ақындар

Ертең қиып кетерсің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1750
Толы тағам: әні қызым, әні бал,
Ал жолаушым, шөлдеп келдің қанып ал.
Бұл ауылдың сұлу қызы тағы бар,
Ақын жігіт — жерің осы танылар.
Жанарында ой ойнайды жымыңдап,
Құбылады қара меңі жүзінде-ақ.
Пай-пай, құрбым, көрікті едің сен қандай,
Ақын ойы кетті өзіңе қырындап.
Келген бетте осынау үйге алғашта-ақ,
Ақ жастықта жатты бір қарт жамбастап.
Енді отырмыз әсем сазға еліктеп,
Меңді құрбым бір ғажайып ән бастап.
Бар-ау, шіркін, әннің не бір сиқыры,
Жатты айтылып тасқын әуен түр-түрі.
Дос-жаранмен бірге өткізген осындай,
Неге тұрар жас дәуреннің бір күні.
Кейбір ауыз қалды мүлдем ашылып,
Кейбіреулер шын сүйсінді бас ұрып.
Ақын отыр, кірпік қақпай қадалып,
Сырлы сезім жатпайды өзін жасырып.
О, ақыным, бұл емес сен жетер шың,
Ән жолына өзіңді мерт етерсің.
Қиылғанмен бүгін меңді қызға сен,
Қиып ертең ауылыңа кетерсің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертең қиып кетерсің өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ертең қиып кетерсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ертең қиып кетерсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертең қиып кетерсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері