Тобылғы
Бұл бетте «Тобылғы» атты Бауыржан Жақып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 18.09.2024
- 0
- 0
- 1219
Саясында көде өскен,
Сайға біткен тобылғы.
Желге билеп белестен,
Ойға біткен тобылғы.
Ауылымның көп қырын
Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы.
Күлім қағып ақ әжем
Күбі ыстаған тобылғы.
Таңғы самал ауамен
Тыныстаған тобылғы.
Мөлдір моншақ таң шығын
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының
Сабы болған тобылғы.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі