Ақ әжем
Бұл бетте «Ақ әжем» атты Бауыржан Жақып жазған әже туралы өлең берілген.
-
admin
- 19.04.2024
- 0
- 0
- 2159
Ақ бесігін тербеткен,
Мейіріміне шөлдеткен,
Бесік жырын төгілтіп,
Әлдилеген, әндеткен.
Ақ кимешек киінген,
Ағаш ұршық иірген.
Қадамыма сәт тілеп,
Қылығыма сүйінген.
Қазанда құрт қайнатқан,
Желіге құлын байлатқан,
Бауырсағын пісіріп,
Дастарқанын жайнатқан.
Дәм татқызып тортадан,
Қаққан мені арқадан,
Шаңырақтың күні боп,
Шуақ төккен ортадан.
Таныстырдым, білмесең,
Ақ әжем – ол. «Кім?» десең.
Сені жақсы көрмейді
Тақпақ жаттап жүрмесең.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі