Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?

Бұл бетте «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Жақсы» деген – ізгілік,
Ибалы, иманжүзділік.
«Жақсы» деген – әдебің,
Қастерлейтін біз біліп.

«Жақсы» деген – жақсылық,
Болмайтын еш жат қылық.
«Жақсы» деген – біліп қой,
Тектегі бекзаттылық.

Жолықса да неше сын,
Жібермейтін есесін.
Алғыр болсаң зерделі,
Жақсы болып өсесің.

«Жаман» деген – олақтық,
Одан жаман салақтық.
«Жаман» деген – жетесіз,
Ақыл-ойы шолақтық.

Жақсы, жаманды ал, ұқ та,
Ақылға сал, парықта,
Жамандықтың уытын
Бойыңа еш дарытпа!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Күләш Құмарқызы

Бала бақшадағы балаларға керек дүние екен.

Күләш Құмарқызы

Балаларға керек дүние екен.

Асқар Мөлдір

Бұл өлең маған өте қатты ұнады. Мен өлеңнің соңғы сөздерін оқып, көп нәрсе түсіндім. Біз әрқашан не жақсы, не жаман екенін білуіміз керек.Егер біз тентек болмай, үлкендердің тілін алсақ, бұл – жақсылық. Ал өтірік айту немесе жалқау болу – жамандық. Өлеңде айтылғандай, жаман әдеттерді ешқашан үйренбеу керек. Мен де жаман бала болғым келмейді. Әрқашан жақсы бала болып, сабақты беспен оқимын.

Омар

Өлеңде жақсы мен жаманды қарапайым мысалдармен ажыратып көрсеткені ұнады. Балаларға да, үлкендерге де түсінікті.

Осы автордың басқа өлеңдері