Бақтағы жиын-терін

Бұл бетте «Бақтағы жиын-терін» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жеміс пісті бағымда,
Күннің қызу табында.
Жинасамыз әкеме
Балбыраған бабында.

Қызылы бар, сарысы
Алау атқан бақ іші.
Арамызда басталды
Жиын-терін жарысы.

Алма, алмұрт, алшада,
Дәрумен бар қаншама.
Шырыны мен тосабы
Мың да бір ем баршаға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері