Қара жорға (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара жорға (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1938
Ей, қалқа, хат жазамын ынта беріп,
Дос болар әркім сөзге тұрса берік-ай!
Жеріңе пәлен деген барар едім,
Аңдушы алты кісі тұрса келіп-ай!

Қайырмасы:
Ой, шіркін, қара жорға тисе қолға,
Салар ем тайраңдатып тақтық жолға.

Ей, қалқа, хат жазамын қаламменен,
Әрқашан адам күні адамменен-ай!
Батпаққа аяғыңды батырады,
Қалқатай, жолдас болма жаманменен-ай!

Қайырмасы:
Ой, шіркін, қара жорға тисе қолға,
Салар ем тайраңдатып тақтық жолға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері