Бұл бетте «Канал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн қапырық,
Жанып тұр.
Құм да күйген
Анық бір.
Батты бір кез
Күн ыстық.
Айналада
Тыныштық.
Ай, жұлдыздар
Аспанда
Алтын нұрын
Шашқанда,
Түн салқыны
Жер-көкті
Тәтті ұйқымен
Тербетті.
Ал, каналда құмдағы
Жұмыс бір сәт тынбады.
Дұрысында бұл деген –
Күрес қой шын құмменен.
Барып тұрған бейнет қой,
Бейнет түбі – зейнет қой.
Еңбек түбі ақталар,
Құм гүлденер шақ болар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі