Өлең, жыр, ақындар

Сырдағы алашқа

  • admin
  • 14.02.2024
  • 0
  • 0
  • 3873
Атаң Отқа табынған,
Өзің бірге бағынған.
Тәңірің – Оттан боп үміт,
Атаң Отқа табынған.
Жан ба еді ол жауға жалынған?!
Сыр бола ма жыр мен От?
От дегенің – аспан ғой,
Аспан жерді басқан ғой...
Төменге алып төнген ол.
Бір дегенің – жер ғой ол,
Жер дегенің – көр ғой ол,
Көрді сүйген, өлген ол.
Атаң Отқа май салған,
Жан ба еді жыннан тайсалған?
Жаһұт жапқан ажыдан.
Жанын жасып, кірлеген
Отпен аспанға өрлеген
Алады екен аластап...
Салық салған Сырдағы ел,
Көрге мүлгіп болма қол,
Атаң сүйген Отты сүй!
Шаппағанға шаң жұқпас,
Шаппағанға қан жұқпас.
Күйдірем десең, өзің күй.
Отқа табын, Тәңір – От,
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
Сөзім – Сырдағы алашқа:
Жаның жасып, кірлеген,
Отпен аспанға өрлеген
Жаныңды, алаш, аласта...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төбет

  • 1
  • 3

Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ac бермеді бәйбіше:

Толық

Сағындым

  • 0
  • 70

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Толық

Заманымыздың ақыны

  • 1
  • 3

«Терезеге қараймын,
Қарындашты жалаймын.
Келтірем деп өлшеуге,
Сөздерді іштен санаймын.

Толық

Қарап көріңіз