Қара жол – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара жол» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2068
Басынан қара қия қарға жүрер,
Шиқылдап қара жолмен арба жүрер-ай.
Түскенде сен есіме сенер болсаң,
Кеудеде шықпаған жан зорға жүрер-ай.

Қайырмасы:
Әй, әй-әй-әй!
Әридай-әридай!
Шықпаған жан кеудеде,
Зорға жүрер-ай.

Басынан қара қия құлағаным,
Барды ма құлағыңа жылағаным.
Барғанда құлағыңа жылағаным,
Құлындай қара бауыр сұлағаным.

Қайырмасы:
Әй, әй-әй-әй!
Әридай-әридай!
Шықпаған жан кеудеде,
Зорға жүрер-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері