Тұман – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Тұман» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұман қалаға сұр перде жабады,
Көкжиекті де сездірмей жасырады.
Аспан әлемі жоғалып кеткендей,
Бұл да бір табиғат ғажабы.

Үлкен қол шатыр барлығын жапқандай,
Күн де күтеді тұманның ыдырауын асықпай.
Әйтсе де, тұманың дес бермей,
Қуанышты көңіл-күй өзіне тапқандай.

Көк тұман. Қыс кеңістігі,
Қыс деген керемет жыл мезгілі.
Адамдар шаңғы теуіп тауларда,
Көтереді демалып көңілді.

Қыс. Тұман. Суық дала,
Қар жапқан айнала.
Әсері болмау керек адамға,
Жадыра ,жайна, ойнап –күл,
Қымбат қой қадірін білген жанға
Өмір деген тамаша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар