Денсаулық жайы – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Денсаулық жайы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1253
(Тілшілер хаттарынан)

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.
Шымнан салған бір жаман үй — кім үйі?
Кетіктеніп құлауға тұр бүйірі,
Осы үйдің төбесінде түтін бар,
Бұл не екен?— Бұл ма,— бақсы жиыны!.
Бір қара ешкі әлдеқашан сойылды,
Балта жалап бақсы салды ойынды,
Шоқпыт сорлы «өкпе» менен ұрылған.
Сорпа-суын ішіп өзге тойынды.
Ел кедейі тымауратпай ж;үре ме?
Басы ауырса «бақсы!»— өзгені біле ме?
Осы күнде бақсылардың пышағы
Май үстінде, бұлар тыю көре ме?..
Бақсы емі одан жаман ауыртты,
Ауырудан Шоқпыт әлі қауіпті.
Бар бәйек боп жаны ашыған тілші еді,
Жазбай қойды, қайтсін жазып жалықты.
Горздрав, ел ішіне ем керек!
Бақсы, саған, емдеу емес, жем керек
Тілші, сендер бірер жазып жалықпа,
Жалыққанмен кедей керек ел керек!..

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері