Күнделік – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Күнделік» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аяулым,
кешеден қалған күніме
бүгін, пешінде ояндым.
Жинадым
түскі шуақты,
ойларымды
шашылып жатқан төсегім-
де... Жудым
жүзімдегі түнді, кешені...
теледидар қарадым,
газеттер оқыдым,
Жалғызсырадым,
жып жылы өлең тоқыдым,
Сосын, жазды жылаттым...
...Таңым,
көре тұра жанымды басқан
шаңды,
тозаңды,
бөлмемде шашылған өмірімді
жинамақсың қашанғы?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері