Биылғы жазда – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Биылғы жазда» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Биылғы жазда,
келешек жаздарда
саған хабарласпаймын,
былтырғы маусымды
әлі жылыта алмадым...
жанымызды тоңған
мамырымыз ұмыта алмады...
Жүрегіміз тас боп кетпесе екен...
қайтемін,
ұйқысызәр таң
еденге шөккен түнді
басып кетемін...
Биылғы жазда солмайықшы,
онсызда тоңғақпыз...
Жапырақтар аз кезде,
жүрегімізді құлатып алмайықшы.
Жанымызды жұбату үшін
жазымызды жылатып алмайықшы,
онсызда кінәліміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері