Бұл бетте «...айкезбелік» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...айкезбелік,
ауада ұшқан ән киелі,
Түн ішіне тамшылаймыз
Мөп-мөлдір әйнекке еріп...
Бірі үстіне бірі мінген
парақтардың
селт етеміз түшкірігінен.
Көңілсіз кейіпкерім,
үстелімдегі қалампыр кейпіне еніп,
Үрейленген мені отыра тұр
сәл жұбатып,
қалғып кеткенімше
түн соңына
аяғымды салбыратып...
«Қайырлы түн» демеші...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі