Қоғамның кемшілігі – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қоғамның кемшілігі» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1087
(Тілшілер хаттарынан)

Қоғам биыл мың бұттай егін септі,
Барлығы жүз елудей жерге екті.
Күз болғанда жүз пұттай әрең түсіп.
Қалғанын «шегіртке» мен «тышқан» жепті.
Бір жерден ат-тоны бар сексен пұттап,
Алғанда кедейлердің ерні кепті.
Есеп-қисап қылғанда қатесі жоқ.
Із-тозын білдірмейтін неткен епті!
Үйде жуан жайымен тісін шұқып,
Деп отыр ««желден алған, желмен кетті!»
Қулығы асқан аузын шөппен сүртіп,
Біразы тексергенде сотқа ілекті.
Көп жиылып, көл қып-ақ тастап еді,
Не керек қайран еңбек босқа кетті!..

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері