Депутат – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Депутат» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4720
Біз сайлаған депутат,
Өжет жанды, өрт қайрат.
Қызметкері халықтың,
Болжайтұғын алдын ойлап.
Біз сайлаған депутат,
Кетсе-дағы тау құлап.
Тартынбайды жолынан,
Отырмайды тұнжырап.
Біз сайлаған депутат,
Ар-намысын арқалап.
Әділдікпен іс етер,
Алды-артына тең қарап.
Халық үшін қияр жан,
Халық үшін қарулан!
Депутаттың құралы,
Советтік әділ заң.


Пікірлер (1)

Ахат

Өте жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері