Арманымның асырардай шоқтығын – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Арманымның асырардай шоқтығын» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2672
Арманымның асырардай шоқтығын,
Арып-ашып күн кешемін.
Далбаса.
Бұл өмірде ештеңем де жоқ, күнім,
Жасы кеппес өлеңдерім болмаса.
Шарап жеңіп, сауық-сайран құрғам жоқ,
Жасқанбастан тағдыр мұңын жолдаса.
Мінезім де жетісіп бір тұрған жоқ,
Сені құшар ақ жүрегім болмаса.
Атақты емен, дәулетті емен, дарамын,
Шабыт қана.
Шашылмайды ол да аса,
Өмірге бос келіп, кетіп барамын,
Сені өлердей сүйгендігім болмаса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері