Өлең, жыр, ақындар

Кім білген

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 6690
Қиындық көрмей өмірден,
Өмірдің құнын кім білген?
Махаббат таппай көңілден,
Көңілдің құнын кім білген?
Тегеурін таппай тeмiрден,
Темірдің құнын кім білген?
Қызулық таппай көмірден,
Көмірдің құнын кім білген?
Қайғылы болып қамықпай,
Шаттықтың құнын кім білген?
Ашығып асқа тарықпай,
Тоқтықтың құнын кім білген?
Жоқтықты көріп жұтамай,
Бардың құнын кім білген?
Жесірлік көріп жыламай,
Жардың құнын кім білген?
Қубастың зарын тартпаса,
Баланың құнын кім білген?
Қайратың кеміп қартаймай,
Жастықтың құнын кім білген?
Жауыздықты тойтармай,
Қаруын қарсы қайтармай,
Достықтың құнын кім білген?
Отан үшін аттанбай,
Ойран салмай жауына,
Ортақ болмай дауына,
Отанның құнын кім білген?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алақай

  • 0
  • 0

Балақай-ау, балақай,
Жер құлпырып жаз келді.
Айнала гүл, алақай.
Ауыл маңы өзгерді.

Толық

Ана мейірімі

  • 0
  • 1

Күніне жүз жырласам мен тоям ба,
Жас өрендер, сенің балғын шағыңды.
Өссе өнер, білім, талап талғамың.
Жер менен көк тілегіңе табынды.

Толық

Кім немен ойнайды?

  • 0
  • 0

Кім немен ойнайды?
Мәриям Хакімжанова
Теңізші болатын бала
Бұлақпен ойнайды

Толық